«Теңге - тәуелсіздік келбеті»

Категория: Новости
Дата: 09.11.2018
Просмотры: 428 Печать страницы
«Теңге - тәуелсіздік келбеті»

1993 жылы 12 қарашада еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойып,15 қараша  Ұлттық валюта күні болып белгіленді. Осы күнге орай  Н.Алдабергеновтың мемориалды музейінде  «Теңге - тәуелсіздік келбеті» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге еліміз  Тәуелсіздік алғалы бергі шығарылған теңгелердің түрімен қатар,  сонау ерте ғасырларда ата-бабамыз қолданған  теңгелері   қойылды. Көрмеде санғасырлық тарихи кезеңдерді қамтитын қазақ жерінде мекен  еткен түркі мемлекеттердің ақша түрлері мен   теңгенің шығу тарихы таныстырылып, өзінің 25 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізгендігі туралы айтылды.