"Сара ақын - дара ақын"

Категория: Новости
Дата: 13.11.2018
Просмотры: 624 Печать страницы

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен, Сара Тастанбекқызының шығармашылығына арналған "Сара ақын - дара ақын" атты әдеби кеш өткізілді. Аталған іс-шараға ауыл қонақтары мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында Есболған Жайсаңбаев пен Ғали Орманов атындағы орта мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтып, ақынға арнауларын оқыды. Қапал ауылдық кітапханашысы Қорабаева Күләтай Қасенқызы Ақын Сараға арналып шығарылған кітаптары мен шығармаларына шолу жасады. Әдеби кеште Сара Тастанбекқызының өлеңдеріне талдау жасалып, әр өлеңдерінің шығу тарихы жайында мағлұмат берілді. Кеш мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Ерахметұлының орындауында әсем әнімен аяқталды.