Алакөл ауданының тумасы, жазушы, профессор,
белгілі бейімбеттанушы Тоқтар Бейісқұловтың жеке заттары,
наградалары, құжаттары мен суреттері Қабанбай батыр атындағы
тарихи-өлкетану музейінің қорына өткізілген болатын. Жазушының
балалары мен туыстарының, ауыл азаматтарының, мектеп оқушыларының
қатысуымен еске алу кеші ұйымдастырылып, тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Шара барысында ҚР Білім беру ісінің үздігі, Алакөл ауданының Құрметті азаматы
Ұ.Дүйсебаева сөз бастап, №3 Қабанбай орта мектебінің оқушыларының
баяндамалары мен арнаулары оқылды. Жазушының туыстары естеліктер айтып,
келген қонақтарға кітаптарын таратты.
Пресс-центр
Тоқтар Бейісқұловтың жеке заттары
Категория: Новости | |
Дата: 14.11.2018 | |
Просмотры: 429 | Печать страницы |