
Н.Алдабергенов мемориалды музейінің қызметкерлері Ұлттық валюта күніне Кеңес Одағының Батыры Матай Байысов орта мектебінің 10 сынып оқушыларына «Ұлттық теңге – кемел болашақтың кепілі» атты лекция өткізді. Лекция - ұлттық валюта тарихына сыр шертуімен басталып , Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу тарихы мен оның маңызын түсіндіріп, ақшаның пайда болу тарихына тоқталды. Лекция барысында оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ақшаның құнын бағалай алатынын көрсетті. Ұлттық теңге – кемел болашақтың кепілі» атты лекция қорытындысы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқталды: «Теңге – еліміздің тәуелсіздігінің нақты белгісі. Қазақ теңгесі халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байып өркендеуіне әр уақытта қызмет етсін!» - демекші, ақша еңбекпен біліммен келеді ақшаны үнемді пайдалану керек.