"Ұлттық теңге тарихы"

Категория: Новости
Дата: 15.11.2018
Просмотры: 401 Печать страницы
1993 жылдың 15 қарашасында Ұлттық валюта - теңге қолданысқа енгізілген болатын. Осы датаға орай Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері музей қорындағы ақша бірліктерінен "Ұлттық теңге тарихы" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрме №3 Қабанбай орта мектебінде көрсетіліп, онда алғашқы теңге мен тиындар, басқа ұлттың ақшалай бірліктері қойылды. Теңгенің шығу тарихы туралы толық мәлімет берілді.