«Теңге – мемлекет келбеті»

Категория: Новости
Дата: 15.11.2018
Просмотры: 442 Печать страницы
«Теңге – мемлекет келбеті»

15  қараша – Ұлттық  валютаның айналымға енгізілгеніне 25 жыл және Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне орай Кеген аудандық тарихи –өлкетану музейінің қызметкерлері  аудандық мәдениет үйінде «Теңге – мемлекет келбеті» атты тақырыпта  жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмені аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы және орынбасарлары, Кеген аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық әкімдер, мекеме басшылары және жиынға қатысушы көпшілік қауым тамашалады.