І.Жансүгіров атындағы тарихи – өлкетану музейінде 15 қарашада Ұлттық Валюта күніне арналған «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты тарихи-танымдық сабақ өтті.Шара Мемлекетіміздің бір нышаны болып табылатын төл теңгеміз - теңгенің шығу тарихы, әр кезеңдегі қолданыста болған теңгелер шежіресін, бүгінгі таңдағы маңызы жөнінде жас ұрпаққа насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Сондай – ақ, сабақ барысында Тәуелсіз қазақ елінің валютасы- еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты екендігін, еліміздің экономикалық, саяси тарихын, оның материалдық және рухани мәдениетінің бірден – бір көрсеткіші болып табылатындығы туралы баяндалды.