«Халық театрына 60 жыл»

Категория: Новости
Дата: 16.11.2018
Просмотры: 418 Печать страницы
«Халық театрына 60 жыл»

 Н.Алдабергенов мемориалды  музей қызметкерлері Н.Алдабергенов құрған «Халық театрына  60 жыл» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме – өскелең ұрпаққа, Халық театрының құрылған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі өнер шежіресінен сыр шертіп, театрдың тыныс-тіршілігінен, мол мұра, құнды жәдігерлері туралы  мағлұмат береді.  Н.Алдабергенов еңбекпен бірге мәдениет саласына өте көңіл бөліп, 1958 жылы Сталин атындағы  (қазіргі Алдабергенов) колхоз  жастарынан көркемөнерпаздар үйірмесін құрып,   «Ер Тарғын» операсын дайындатты.     Арнайы сарапшылар «Ер Тарғын» операсын сахнада көріп, қойылым актерлерінің орындау шеберлігі, көрермен тартуы, сахнаның көркемдік безендірілуі, музыкалық сүйемелдеу сынды талаптарын   жоғары бағалап, осы қойылымдағы еңбектері үшін жас өнерпаздарға «Халық театры» деген атақ берілді.Н.Алдабергенов екінші халық театрын 1967жылы Мұқыры ауылы «Карл Маркс» атындағы  колхозында құрды. Қазіргі таңда Мұқыры ауылы Халық театрына 50 жыл толды.