"Жаңа әліпби - болашаққа бастау"

Категория: Новости
Дата: 19.11.2018
Просмотры: 470 Печать страницы

2018 жылдың 19 қараша күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларына "Жаңа әліпби - болашаққа бастау" атты танымдық сағатын өткізді. Жаңа әліпбидің болашақ үшін берер пайдасы мен артықшылықтары жайында мағлұмат берілді. Танымдық сағат соңында оқушылар жаңа әліпбиге қатысты өз пікірлерін білдірді.