«Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі»

Категория: Новости
Дата: 05.07.2018
Просмотры: 414 Печать страницы
«Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі»

2018 жылдың 5 шілдесінде Астана қаласының 20 жылдығына орай І.Жансүгіровтің әдеби музейінде «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі» атты  мерекелік қайырымдылық шара өтті.Оған Алматы облысының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілері арнайы шақырылды. Шараның мақсаты балаларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру, Елорда туралы білімдерін тереңдету, қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Отанымыздың жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту. Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, танымдық ойындар ойнатылды. Қонақтар Астана қаласы жайында өз ойларымен бөліссе, К.Ушинский атындағы № 7 орта мектебінің оқушылары жыр-шумақтарын арнады. «Айбыны асқақ - Астана» атты кітап көрмесі қойылып, қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Шара соңында музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізіліп,келушілер көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.