«Ақан сері – адамзаттың сұңқары»

Категория: Новости
Дата: 22.11.2018
Просмотры: 437 Печать страницы
«Ақан сері – адамзаттың сұңқары»

Н.Алдабергенов мемориалды музей қызметкерлері  XIX ғасырдың көрнекті ақыны, əншісі, композиторы — Ақан Сері Қорамсаұлының туғанына 175 жыл толуына орай  «Ақан сері – адамзаттың сұңқары» атты танымдық  шара Алдабергенов ауылдық кітапханасында  өткізілді. Аталмыш шарада мектеп оқушылары  ақынның өмірі  мен шығармашылығы, оның өз бойындағы тамаша дауысын, сондай-ақ ақындық жəне композиторлық дарынын ұштастыра білуі арқасында аты аңызға айналған «сері» атанғаны,  Ақан серінің кемел шағында оның əйгілі жүйрік аты Құлагердің жау қолынан өлтірілген кезде қайғырып ауыр халде күн кешкені  және  ақынның жарқын өмірі мен қайғылы тағдыры халық есінде терең із қалдырғаны  айтылды.     Қорыта айтқанда, «Ақанның өзі өлгенмен, соңында өлеңі, әні, өмірінің шежіресі қалды. Өзгеге ұқсамас өмірі де, өнері де қазақ халқының мақтанышына айналды. Адам баласында сирек кездесетін сан қырлы дүлдүл бекзаттылықтың не екенін танытып кеткен елінің ерке серкесі әрқашан ұрпақтар есінен кетпейді» деген тілекпен іс-шара аяқталды.