"Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі қазақ қару-жарақтары: атаулары мен қолданылу тәсілдері"

Категория: Новости
Дата: 26.11.2018
Просмотры: 516 Печать страницы

Батыр бабалар мемориалды музейінің қызметкерлері, Талдықорған қаласындағы "Оқушылар сарайы" қызметкерлерінің ұйымдастыруымен келген мектеп оқушыларына "Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі қазақ қару-жарақтары: атаулары мен қолданылу тәсілдері" атты тақырыпта іс-шара өткізді. Шара барысында, оқушыларға көрнекті ғалым, Ш. Уәлихановтың өмірі мен туып-өскен ортасы және ғалымның тарих, этнография саласы бойынша жазған еңбектері жайында баяндалды. Сондай-ақ, қазақ қару-жарақ түрлерін зерттеген тұңғыш зерттеуші, Ш.Уәлихановтың сызба суреттері бойынша дайындалған слайдтар көрсетіліп, музей коллекциясында сақталған артефактілер мен ұштастыра отырып, ғалымның айтып өткен қару-жарақ түрлерінің атаулары, жасалу технологиясы және қолданылу тәсілдері жайында түсіндірілді.