«Елбасы жолы-елдіктің жолы»

Категория: Новости
Дата: 29.11.2018
Просмотры: 386 Печать страницы
«Елбасы жолы-елдіктің жолы»

     І.Жансүгіровтің әдеби музейінде  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті  күніне  орай К.Ушинский атындағы № 7 орта мектептің 7 сынып  оқушыларымен бірге «Елбасы жолы-елдіктің жолы»  атты шара өтті.Мақсаты:Елбасымыздың еңбек жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Шара барысында ұлт басшысының балалық шағы жайлы, жетістікке жетер жолындағы ерен еңбектері, халқына жолдаған салиқалы пікірлері талқыланып, бейнематериалдар көрсетілді.Сонымен қатар көпшілік назарына «Тұғыры биік тұлға» атты  кітап көрмесі таныстырылды.