"Астана-жаңаның жаршысы, тəуелсіздігіміздің табысы"

Категория: Новости
Дата: 05.07.2018
Просмотры: 457 Печать страницы

Астана-жаңаның жаршысы, 
тəуелсіздігіміздің табысы!

Арқаның төрінде орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толады. Жаңа қала Ару Астанамыздың көрікті, көздің жауын алар, жаңа үлгідегі биік-биік ғимараттары қалаға ерекше сән береді. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі.Астана өзге елдермен терезесі тең, болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Астананың осындай жетістікке жетуі, тұғырлы тәуелсіздік пен Елбасымыздың қол жеткізген биік белестерінің арқасы. Сондай-ақ Астана – армандар орындалатын, дамушы Қазақстанның жарқын жетістіктерінің нышаны.6 – шілде Астана күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде"Астана-жаңаның жаршысы, тəуелсіздігіміздің табысы" атты фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрме еліміздің бас қаласының тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескертікіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәлімет беретін суреттер жиынтығынан құралады.