«Ел үшін еңбек еткен Ер тұлға»

Категория: Новости
Дата: 30.11.2018
Просмотры: 614 Печать страницы
«Ел үшін еңбек еткен Ер тұлға»

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай  «Ел үшін еңбек еткен Ер тұлға» атты тарих сағаты Ғали Орманов атындағы орта мектеп оқушыларымен өткізілді. Аталған іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Оқушылар Тұңғыш Президентке арналған өлеңдер оқып, Елбасының қанатты сөздерін жатқа айтты. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі жайлы слайд арқылы мағлұмат алып, еңбек жолымен танысты. Шара соңында оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Тарих сағаты оқушылар үшін қызықты да мағыналы өтті. Ұстаздар музей қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.