"Елбасы - ел мақтанышы"

Категория: Новости
Дата: 30.11.2018
Просмотры: 420 Печать страницы

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Мамания"орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен "Елбасы - ел мақтанышы" атты шара өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Музей қызметкерлері Елбасының балалық шағы, еңбек жолы, Қазақстан Үкіметін басқарғаннан бүгінгі күнге дейінгі ел үшін атқарған еңбегі жайлы балаларға ақпарат берді. Берілген ақпараттарды қорытындылау мақсатында балалар назарына Президент өміріне, қызметіне байланысты сұрақтар дайындалып, шараға қатысушылар белсенді жауап беріп, өздерінің жақсы деген білімдерін көрсетті. Балалар Елбасы туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді.