Шелек тарихи-өлкетану музейінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көтерген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында, И.Саттаров орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді. Балалар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мақаласының маңыздығы жайлы мағлұмат алды. Шара соңында оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Кездесу оқушылар үшін қызықты да мағыналы өтіп,соңында музей қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.