«Тәуелсіздік деп соққан жүрегі»

Категория: Новости
Дата: 11.12.2018
Просмотры: 388 Печать страницы
«Тәуелсіздік деп соққан жүрегі»

Ақын Сараның мемориалды музейінде музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соққан жүрегі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараға Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, ауыл ақсақалдары мен әжелер, мәдениет қызметкерлері мен ауыл азаматы, желтоқсаншы Арман Махметұлы қатысты. Дөңгелек үстелде 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы туралы сөз қозғалды, бейнероликтер көрсетіліп, тақырыпқа байланысты сұрақтар талқыланды. Арман Махметұлы желтоқсан көтерілісінен естеліктерін айта отырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Желтоқсан көтерілісінде қаза болған адамдарға құран бақышталып, ақсақалдар мен әжелер жастарға тілектерін білдіріп, баталарын берді. Қапал ауылының кітапханашысы Кулятай Хасенқызы және тарих пәнінің мұғалімі Санжар Мұратұлы тақырыпқа байланысты баяндамаларын оқып шықты. Оқушылардың өлеңдері мен ауылымыздың өнерлі азаматы Болат Досжановтың орындауында Қасымхан Бегмановтың сөзіне жазылған "Қазағым" термесі көпшіліктің жігер рухын оятты. Іс-шара соңында келген қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.