"Лаула,лаула желтоқсанның мұзға жаққан аулауы!"

Категория: Новости
Дата: 12.12.2018
Просмотры: 617 Печать страницы

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Лаула,лаула желтоқсанның мұзға жаққан аулауы!" атты тақырыпта тарихи сағат өтті.Шараға "Мамания" орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында жасұрпаққа қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталып сонымен қатар желтоқсан құрбандары туралы мол мағлұматтар беріліп, Тәуелсіз Қазақстанның 27 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстырылды.