«Тәуелсіздік - ұлттың рухы»

Категория: Новости
Дата: 12.12.2018
Просмотры: 447 Печать страницы
«Тәуелсіздік - ұлттың рухы»

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орайІ.Жансүгіровтің әдеби музейі мен Алматы облыстық Ардагерлер ұйымыныңұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - ұлттың рухы» атты облыстық шара өтті.Кешке Алматы облыстық Ардагерлер ұйымының мүшелері, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің, «Білім» гуманитарлы-техникалық колледжінің білімгерлері, Талдықорған қаласының № 2 орта мектеп оқушылары қатысты.Шара Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің «Халықтық» ұлт аспаптар оркестрінің шығармаларымен  басталып, «Азаттықтың таңы болған желтоқсан» аттыкітап көрмесі таныстырылды. Алғашқы құттықтау сөз Алматы облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлына берілсе, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы Елбасының батыл бастамалары мен “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы жөнінде баяндама жасады. Мерекелік шара патриоттық ән-күйлермен жалғасын тауып,кеш соңындажыл бойы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» бағдарламаларын іске асыруға белсенділік танытқан азаматтар  марапатталынды.