«Абай дәстүрі және Шәкәрім»

Категория: Новости
Дата: 14.12.2018
Просмотры: 436 Печать страницы
«Абай дәстүрі және Шәкәрім»

І.Жансүгіров әдеби музейінде  Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Абай дәстүрі және Шәкәрім» тақырыбында  Талдықорған қаласындағы №15 орта мектептің оқушыларына лекция оқылды. Лекция барысында Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының балалық шағы, оның шығармашылыққа бет бұрған кезеңінен бастап, өмірінің соңғы күніне дейін баяндалып, деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, ойшыл ақынның өлеңдері оқылып, «Шәкәрім және Абай үндестігі» атты кітап көрмесі таныстырылды.