«Сәлем, саған Астана»

Категория: Новости
Дата: 11.07.2018
Просмотры: 456 Печать страницы
«Сәлем, саған Астана»

М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлері № 2 орта мектептің жазғы лагерь демалушыларына Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған «Сәлем, саған Астана» атты танымдық шара өткізді. Ойын барысы «Қандай керемет, күннің жарқырауы»  тақырыбында  қимылды, көңілді сергіту сәтінен басталып, көрікті елордамыз Астана қаласының тарихы жайлы және әсем де, биік ғимараттарымен танысып, бейнетаспа арқылы саяхат жасалды. Шараға қатысушылар екі топқа бөлініп, әртүрлі байқаудағы жарыс ойындарына атсалысып, музыкалық  көрсетілімге белсене қатысып, жақсы көңіл -  күйде болды. Шара соңында лагерь демалушылары сүйікті мультфильмдерін көріп, тәрбиешілер музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, көңілденіп қайтты.