Қапал ауылында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты іс-шараға Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкері қатысты. Музейдің экскурсия жүргізушісі Қалқаман Абдрахманұлы мерекеге арнап "Тәуелсіздік жолында" атты баяндама оқыды. Баяндамада қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы тарихы жайлы айтылды. Және Тәуелсіздікке арнайы шығарған "Тәуелсіздік - Тұғырым" атты өлеңін көпшілікке паш етті.