Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 112 жыл

Категория: Новости
Дата: 20.12.2018
Просмотры: 771 Печать страницы
Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 112 жыл

          Бүгін желтоқсанның 20 жұлдызы, бар ғұмырын ел – жұртына тек адал қызмет істеумен өткізген, халқының біртуар асыл азаматтарының бірі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 112 жыл толды.   Осынау бірегей тұлғаны есте сақтай отырып, Н. Алдабергенов мемориалды музей және ауылдық округінің мекеме ұжымдары  Еңбек Ерінің рухына құрмет көрсетіп ауыл орталығында Н. Алдабергенов ескерткішіне және Көксу ауданы, Мұқыры ауылының маңында орналасқан зират-кесенеге барып гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, ғибратты естеліктер айтылып,  құран бағыштап қайтты.