«Асылдың сынығы»

Категория: Новости
Дата: 28.12.2018
Просмотры: 341 Печать страницы
«Асылдың сынығы»

  26 желтоқсан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейі мен «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жансүгірова Үміт Ілиясқызының 85 жасқа толуына орай   «Асылдың сынығы» атты тақырыптық-фотоқұжатты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараның мақсаты Үміт Ілиясқызының қазақ поэзиясының құлагері атанған әкесінің шығармашылығын зерттеу мақсатында мұрағаттар  мен  музейлерге қосқан зор үлесін, өнегелі өмірін жастарға насихаттау. Шараға Талдықорған жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен білімгерлері арнайы шақырылып, І.Жансүгіров әдеби музейінің меңгерушісі Н.Қ.Жауынбаеваның «Ақынның аты өлмейді»,  Алматы облысының мемлекеттік архивінің құжаттарды мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.М.Қайыпжанованың «Асылдың сынығы да жарқырайды» атты баяндамалары тыңдалды.Шара соңында тақырыптық-фотоқұжатты көрме  таныстырылып, музей қорына кітаптар сыйға берілді.