Жаңа 2019 жыл құтты болсын!

Категория: Новости
Дата: 29.12.2018
Просмотры: 778 Печать страницы
Жаңа 2019 жыл құтты болсын!
Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,
Жеткізген жаңа жылға аман-есен.
Ескі жыл алып қал деп ауырлықты.
Тілейік жаңа жылдан жақсылықты.
 
Жаңа жыл алып келсін бәрімізге.
Алдымен бірінші боп денсаулықты.
Содан соң бірлік,тату, тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті.
 
Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,
Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.
Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.
 
Ел тыныш,бала-шаға аман болып,
Дос-жаран,ағайынмен орта толсын.
Қуаныш әкелетін әрбір жанға,
Жаңа жыл ағайындар,құтты болсын!