"Зейнет жастың бар қызығын көріңіз"

Категория: Новости
Дата: 07.01.2019
Просмотры: 430 Печать страницы

Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде жыл басында "Зейнет жастың бар қызығын көріңіз" атты кеш өтті. Кештің мақсаты зейнеткерлік демалысына кеткен ағай-апайлардың өткен еңбек жолын өнеге ете отырып, бүгінгі жас ұрпаққа үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету қажеттілігін таныту.  44 жыл музейді басқарған Мәулен Қожашевтің замандастары,  бірге қызметтес болған апайлар мен ауыл әкімі Мантаев Данияр, ауыл мәдениет үйінің басшысы Ермек Шаштаев пен "Жырдың қара жорғасы" атанған Үмбетәлі Кәрібаев музейінің меңгерушісі Әуелбек Ысқақов және тағы басқа қонақтар қатысты. Іс-шара арысында жылы лебіздер мен ақ пейілді тілектер молынан айтылды. Күй шертіліп, өлеңдер оқылды. Шара өз деңгейінде өтіп, ұйымдастырған музей қызметкерлерге алғыс айтылды.