«Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесі

Категория: Новости
Дата: 15.01.2019
Просмотры: 586 Печать страницы
«Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялау негізінде 14 қантар күні Ақын Сараның мемориалды музейінде мектеп оқушылары, колледж студенттеріне арнайы «Жас экскурсия жүргізуші» атты үйірме жұмысын бастады.
Музей – халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өткен мен бүгінді жалғап отырған ғылыми-мәдени, рухани мекемелердің бірі. Әлемдік мәдениетте адамзаттың ыждаһаттылықпен жинақтап, қастерлеп сақтаған құндылықтарын жастарға (оқушыларға) насихаттай отырып, музей келушілердің (оқушылардың) бос уақытын қызықты өткізетін орын ретінде ғана емес, нағыз тарихи айғақтардан тұратын мекеме ретінде музей мен білім жүйесі бірігіп, адамның рухани байлығы мен тарихи білімін қалыптастыру жолында бір бағытта жұмыс жасауы қажет. Музейлік заттар, яғни құндылықтар белгілі бір оқиғалар мен тұлғалар жөнінде ақпарат беретін дереккөз ретінде экскурсантқа эмоционалды түрде әсер ете алады, өткен шаққа, қолөнершінің әлеміне ойша кіру арқылы сол оқиғаға, кезеңге қатыстылығын сезіне алады. Дәл осы әдіспен бала жүрегіне көпір салып, дұрыс өмірлік бағыт алуына, өмірдің мәңгілік құндылықтарын түсіне білуіне көмектесуге болады. Міне осы тұрғыдан «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесінің маңызы зор.
Бірінші үйірме сағатында балалар үш маңызды сөздердің мағынасымен танысты. Ол «музей», «жәдігер», «экскурсия жүргізуші». Үйірме сағатында презентация, жәдігер түрлері ұсынылып, тренинг жүргізілді.