«Жас өлкетанушылар»

Категория: Новости
Дата: 17.01.2019
Просмотры: 402 Печать страницы
«Жас өлкетанушылар»

Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талдықорған қаласы Н.Островский атындағы № 8 мектептің «Жас өлкетанушылар» топ үйірмесінің 7 сынып оқушыларына музей залдары бойынша арнайы экскурсия жүргізді. Саяхат барысында жас өлкетанушылар тобына Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы аясында тәуелсіздігіміздің символы «Алтын адам» экспозициясына жеке тоқталып, тарихымен толық таныстырылды. Өз өлкесінің тарихын танып білуге асыққан жас өлкетанушылар тобы музей қызметкерлеріне бүгінгі саяхат үшін ризашылығын білдірді.