"Жетісу жауhарлары"

Категория: Новости
Дата: 18.01.2019
Просмотры: 389 Печать страницы

2019 жылдың 17-қаңтар күні, «Батыр бабалар»  мемориалдық кешенінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тариx факультеті, музеология кафедрасының студенттеріне Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына орай, "Жетісу жауhарлары" атты тақырыпта ғылыми-танымдық дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты - Елбасы мақаласында айтылған "Алтын адам" және "аң стилі" жайында баяндау, сондай-ақ, "Батыр бабалар" мемориалды музейін насиxаттау болды. Аталмыш дәріс барысында, студенттерге арнайы дайындалған слайдтардың және музей коллекциясында сақталған артефактілердің көмегімен 1969 жылы Есік қорғанынан табылған, ғылымда "Алтын адам" аталып кеткен Сақ xанзадасының киіміне тағылған "аң стиліндегі" зергерлік әшекейлерімен қатар, 1988 жылы Кеген ауданы, Жалаулы ауылынан кездейсоқ табылған бірегей артефактілер және 1939 жылы Жамбыл ауданындағы Мыңошақты шатқалынан табылған аң стилінде жасалған бұйымдары жайында баяндалды.