«Ұлы даланың жеті қыры-жас ұрпаққа аманат»

Категория: Новости
Дата: 18.01.2019
Просмотры: 436 Печать страницы
«Ұлы даланың жеті қыры-жас ұрпаққа аманат»

17 қаңтар күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың жеті қыры-жас ұрпаққа аманат» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Шараға «Мамания» орта мектебінің оқушылары қатысты.
Ел болашағы – жастар демекші, тарихымызды жаңғыртуда солардың қолында. Олар Қазақ елінің өткенін білуге, оны тереңірек зерттеуге, келешек ұрпаққа аманат етуге міндетті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айқындап берген тапсырмалары жастарды рухани тұрғыда азықтандыруда өзінің мол әсерін тигізетіні сөзсіз.
Халқымызда «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз», деген ұлағатты сөз бар. Тарих-бұл халықтың бүгіні мен болашағын айқындайтын бірден-бір маңызды көрсеткіш. 
Аталмыш шара тарихын ұлықтап, ата-бабалар салған сара жолды ұстанған халық қана кемел келешекке нық сеніммен қадам басатынын, сонымен қатар еліміздің одан ары көркейуіне әр адамзат баласы ат салысса, біз одан ары жоғары белестерді, биік шыңдарды бағындыра алатынымызды жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.