«Қойнауы тарих, киелі өлке - Қапалым»

Категория: Новости
Дата: 22.01.2019
Просмотры: 415 Печать страницы
«Қойнауы тарих, киелі өлке - Қапалым»

2019 жылдың 22 қантар күні  Ақын Сараның мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қойнауы тарих, киелі өлке - Қапалым» атты музей сағаты өткізілді. Аталған шараға ауыл тұрғындары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Шара барысында Қапал тарихына  арналған қысқаша бейнеролик көрсетілді. Слайд арқылы Қапалдың тарихи, киелі жерлері көрсетіліп, оған мәліметтер берілді. Бір жарым ғасырлық тарихы бар Қапал ішіндегі көне сәулетті ғимараттар да өткен уақыттың бір белестерінің көрінісі. Сол ғимараттардың да тарихы жайлы ауылымыздың өлкетанушы азаматы, бүгінгі музей сағатына келген қонағымыз Бекташов Гафур Мунирұлы айтып берді. Оқушылар өз тараптарынан келген қонаққа сұрақтарын қойып, өздеріне керекті жауаптарын алды. Шара соңында ауылымыздың өнерпаз азаматы Досжанов Болаттың орындауында «Қазағымның тарихы» атты термені шашу етті.