«Ер – тоқым – ұлттық жәдігер»

Категория: Новости
Дата: 23.01.2019
Просмотры: 569 Печать страницы
«Ер – тоқым – ұлттық жәдігер»

           Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қарастырылған «Атқа міну мәдениеті» тарауында түркі халқының нағыз бейнесі мен салт – дәстүрінің  тарихи мазмұны айрықша баяндалған еді.Тарихқа көз жүгіртер болсақ жылқы малын қолға үйретумен қатар қажетті құрал – жабдықтар, яғни ат әбзелдерінің алғашқы нұсқалары да жасалып, адам еңбегінің жемісі, мәдениетіміздің бір бөлшегіне айналды. Рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, ұлттық қолөнерімізді насихаттау мақсатында 2019 жылдың 22 қаңтар күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Ер – тоқым – ұлттық жәдігер» атты көрме безендіріліп, көпшілік назарына ұсынылды.Көрермендер көне жәдігерлерді тамашалаумен қатар олардың жасалу тарихынан да мол  мағлұмат алды.