«Өнер әлеміндегі жарық жұлдыз»

Категория: Новости
Дата: 23.01.2019
Просмотры: 330 Печать страницы
«Өнер әлеміндегі жарық жұлдыз»

Қазақ опера мұрасының алтын қорын байытып, әлемдік опера деңгейімен теңестірген алғашқы ұлттық композиторларымыздың  бірі, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Мұқан Төлебаевтың туғанына 106 жыл толуына орай 23 қантар күні М.Төлебаевтың мемориалды музейінің  қызметкерлері Лепсі ауылдық мәдениет үйінде «Өнер әлеміндегі жарық жұлдыз» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге композитордың жазған шығармалары және фотосуреттері қойылды. Көрмеде аса көрнекті композитор, қазақ музыкасының классигі М.Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы насихатталды. Көрмеге келген жұртшылық музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарасты.