Үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №3 Қабанбай орта мектебінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Кие тұнған - Алакөл" тақырыбында "Тоқболат батырдың өмірі мен ерліктері" туралы танымды сабақ өткізді. Сабақ барысында XVII ғасырда Сыр бойында дүниеге келген орта жүздің Қонырат руынан шыққан Тоқболат батырдың ерліктері туралы мәлімет берілді. Тоқболат батыр Сыр бойынан Жалантөс Баһадүрмен бірігіп қол жинап келіп, Жетісу жерін жоңғар шапқыншылығынан азат еткен батырлардың бірі. Батыр кесенесі Алакөл ауданының Екпінді ауылында тұрғызылған.
Пресс-центр
"Тоқболат батырдың өмірі мен ерліктері"
Категория: Новости | |
Дата: 23.01.2019 | |
Просмотры: 574 | Печать страницы |