"Сараның сара жолы"

Категория: Новости
Дата: 29.01.2019
Просмотры: 382 Печать страницы

2019 жылдың 29 қаңтар күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларына Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығына арналған "Сараның сара жолы" атты лекция өткізілді. Жетісудың бұлбұлы атанған Ақын Сараның өмір жолы туралы мәлімет беріліп, Сараны көзімен көрген көнекөз қариялардан жазылып алынған әңгімелері, қызықты оқиғалары баяндалды. Сараның шығармаларына шолу жасалып, "Жүрек" атты өлеңіне талдау жасалды.