«Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы»

Категория: Новости
Дата: 30.01.2019
Просмотры: 392 Печать страницы
«Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы»

Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Осыған орай 2019 жылдың 30 қантар күні  «Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы»  атауымен М.Төлебаевтың мемориалды музейінде  қазақ елінің және өңіріміздің тарихын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында "Музейлік квест" зияткерлік  байқауы өтті. Бұл жарысқа №54 орта мектептің оқушылары қатысты. Олар 10 қатысушыдан 2 топқа  бөлінді. Бірінші кезеңнің шарты бойынша жасырылған 12 сұрақтың жауабын музей экспозициясынан ең бірінші болып тауып алулары тиіс. Екінші кезеңнің шарты бойынша құпиясөздермен жасырылған М.Төлебаевтың жары Дариғаға жазған хатын дәл мәтінін табу болды. Қатысушылар үлкен қызығушылықпен ат салысып әдемі ойын көрсетті.