Үстіміздегі жылдың 30 қаңтар күні Ақын Сараның мемориалды музейінің төртінші залында Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына арналған "Қазақ әдебиетінің құлагері" атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Музейге келген мәдениет қызметкерлеріне экскурсия жүргізуші Қалқаман Абдрахманұлы Ілияс Жансүгіровтың халық арасына танылуы, сіңірген еңбектері туралы айтып, фотосуреттері арқылы отбасы мен еңбек жолымен таныстырып өтті. Көрермендер өз сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.