"Алтын адам"

Категория: Новости
Дата: 01.02.2019
Просмотры: 349 Печать страницы
Үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына арқау болған, көне заманның теңдесі жоқ жәдігері "Алтын адам" жайлы тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында Алтын адамның алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін, сонымен бірге, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен аңдық стильдің қарыштап дамуы Алтын адам сұлбасынан анық байқалатыны жайлы көптеген мағлұматтар берілді.
Экскурсияны оқушылар өте қызығып әрі зейінмен тыңдады.