2019 жылдың 31-қаңтары күні, Батыр бабалар мемориалды кешеніне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы келіп, музейдің көрме-экспозициялық залымен танысып қайтты. Қарасай ауданына арнайы іс-сапармен келген Әбдіманап Елікбайұлы музейде, Қаскелең қаласындағы мәдениет колледжінің студеттерімен кездесіп, Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялап, жастарға білім, мәдениет және т. б. салалар бойынша қолдау көрсетілетіндігін айтып өтті. Сондай-ақ, музейдің құрметті қонағы, еліміздің болашағы - жастарға мамандық таңдау барысына үлкен мән беру керек екендігін айтып, студенттермен пікір алмасты.