"Қазақ әдебиетінің Құлагері"

Категория: Новости
Дата: 07.02.2019
Просмотры: 372 Печать страницы

Үстіміздегі жылдың 5 ақпаны күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерей тойына орай "Қазақ әдебиетінің Құлагері" атты тақырыпта "Мамания" орта мектебінде жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында көрермендер назарына ақынның шығармашылық жолынан сыр шертер проза, повестері, поэмалары мен өлеңдерінен құралған кітаптары, сонымен қатар ақынның сирек кездесетін фотосуреттері, құжаттары, көзі тірісінде қолданған бұйымдары ұсынылды.