Үстіміздегі жылдың 6 ақпан күні Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында Есік археологиялық-өлкетану музейінің қызметкерлері Ж. Қайыпов атындағы орта мектебінде "Көне ғасыр сыр шертеді" атты көшпелі көрме безендіріп, сонымен қатар, "Алтын адам: аңыз бен ақиқат" атты дәріс оқып қайтты. Оқушылардың тарихи білімдерін кеңейту мақсатында өткізілген бұл шараға 300-ден астам мектеп оқушылары қатысты.