"Батырлар есімі мәңгілік"

Категория: Новости
Дата: 11.02.2019
Просмотры: 531 Печать страницы

     Үстіміздегі жылдың 8 ақпан күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Батырлар есімі мәңгілік" атты тақырыпта Ақсу өңірінен шыққан хас батырлар жайлы фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде  XV ғасырда Қасым хан әскеріндегі  қолбасшылардың бірі болған Қаптағай батыр, есімі ұранға айналған Бөрібай, Дөсет батырлар, сонымен қатар, Кенесары ханның ұлт азаттық көтерілісіне үн қосқан Тәнеке туралы материалдар қамтылды. ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан Кеңес Одағының батырлары Н.Есеболатов пен Е.Сихымов,Ұлы Отан соғысының ардагері, Берлинге дейін жеткен қазақ қызы  Халида Есенқұлқызы Маманованың және бейбіт заманның батырларының бірі – Халық Қаһарманы Азамат Жұмаділовтің де ерліктері тақырыптан тыс қалған жоқ.