«Ауған асуында от кешкендер»

Категория: Новости
Дата: 11.02.2019
Просмотры: 440 Печать страницы
«Ауған асуында от кешкендер»

Үстіміздегі жылдың 11 ақпан күні Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ауған асуында от кешкендер» атты тақырыпта патриоттық шара ұйымдастырылды. 15 ақпан - Ауған соғысының аяқталған күніне орай ұйымдастырылған бұл шараға Ауған соғысының қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері мен олардың туыстары және Талдықорған қаласындағы әскери-техникалық мектептің әскерге шақырылушылары қатысты. Шараға соңында қатысушыларға арнайы безендірілген «Ерлік жолымен» атты көрме таныстырылып, "Афганистан: соңғы жауынгер" атты деректі фильм көрсетілді.