Үстіміздегі жылдың 13 ақпаны күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ауғанның отты жалыны" атты Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 толуына орай тарихи кездесу кеш өтті. ШарағІ Ауған соғысы ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты.Жиын барысында ардагерлер ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.Сонымен қатар соғыс кезінде көрген қиыншылықтары мен бастан кешірген оқиғаларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алысып , оқушылармен әсерлі әңгіме жүргізді. Кеш соңында Ақсу ауылдық мәдениет қызметкерлері концерттік бағдарламаларымен шараның көңілді өтуіне атсалысты.