«Жорғадан қалған тұяқ ем»

Категория: Новости
Дата: 13.02.2019
Просмотры: 383 Печать страницы
«Жорғадан қалған тұяқ ем»

Үстіміздегі жылдың 13 ақпан күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Жыр алыбы Жамбылдың шәкірті «жырдың қара жорғасы» атанған Үмбетәлі Кәрібаевтың 130 жылдық мерейтойына орай, ақынның немересі, Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі, ақын Әуелбек Ысқақовтың 60 жылдық мерейтойына орай «Жорғадан қалған тұяқ ем» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Үмбетәлі музейінің меңгерушісі Әуелбек Ысқақов арнайы шақырылды. Сүйінбай музейі мен Жамбыл музейі ұйымдастырған бұл іс-шараға Жамбыл орта мектебінің, Сүйінбай орта мектебінің оқушылары атсалысты. Ақынның жырлары оқылып, ән шырқалды. Күй тартылып көрініс көрсетілді. Көрініс «Бастықтың бір күні» деген атпен көрсетілді. Оған Сүйінбай мен Жамбыл музейі қызметкерлері қатысып, көрермендер ықыласына бөленді