Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ү.ж. 13 ақпанында Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде «Ардагерлер арамызда» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 6 кадет сынып оқушыларымен ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, құрмет көрсету.