«Ауғаныстан - жүректегі жара»

Категория: Новости
Дата: 14.02.2019
Просмотры: 411 Печать страницы
«Ауғаныстан - жүректегі жара»

          2019 жылдың 14 ақпанында Н. Алдабергенов мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толуына орай Байысов атындағы орта мектебінде «Ауғаныстан -  жүректегі жара» атты  іс – шара өткізілді. Аталмыш шараға Алдабергенов ауылдық округ тұрғындары мен  Ауған соғысы ардагерлері арнайы шақырылды. Шара барысында Ауған соғысында қаза болған боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Сонымен қатар мекеме ұжым басшылары құттықтау лебіздерін білдіріп, ардагерлерге сыйлықтар табысталды. Мәдениет үйі қызметкерлерінің  және мектеп оқушыларының орындауында Ауған соғысы кезіндегі әндер шырқалып,  концерттік бағдарлама ұсынылды.