«Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман»

Категория: Новости
Дата: 19.02.2019
Просмотры: 389 Печать страницы
«Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман»

     2019 жылдың 15 ақпанында Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толуына орай «Ауған -  сөнген шоқ, өшкен арман» атты  тарихи-танымдық жиын өткізілді.Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып,жастарды Отансүйгіштікке,ерлікке баулу,Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.Аталмыш жиынға Ауған соғысы ардагерлері арнайы шақырылды. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімі,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,қорғаныс істер бөлімі,кітапхана ұжымы,ұстаздар және оқушылар қатысты.Аудандық кітапхана ұжымы «Ауған -  сөнген шоқ, өшкен арман» атты көрме ұйымдастырды. Жиын барысында Ауған соғысында қаза болған боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Сонымен қатар мекеме ұжым басшылары құттықтау лебіздерін білдірді. Мәдениет үйі қызметкерлерінің және мектеп оқушыларының орындауында Ауған соғысы кезіндегі әндер шырқалып, концерттік бағдарлама ұсынылды.