"Қазақ зиялыларының тағдыры"

Категория: Новости
Дата: 20.02.2019
Просмотры: 531 Печать страницы

2019 жылдың 19 ақпан күні Ақын Сараның мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына арналған "Қазақ зиялыларының тағдыры" атты дөңгелек үстел өтті.

Іс шараның негізгі мақсаты, келген қонақтар мен оқушыларға құжаттар негізінде, әдебиет деректер мен мұрағат материалдарын кеңінен пайдалану арқылы қазақ зиялыларының өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен дәріптеу. Іс-шараның құрметті қонақтары: І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің профессоры, "Ілиястанушы" Иманғазинов Мұратбек Мұбыракханұлы, І.Жансүгіров атындағы әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Жауынбаева Нургүл Қызырбекқызы, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға-ғылыми қызметкері Құрбан Бауыржан  І.Жансүгіровтың өмір жолына байланысты  баяндамаларын оқып, тілектерін білдірді. Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің тарих пән мұғалімі Гульжанар Төлеуханқызы «Сәкен кешкен тар жол, тайғақ кешу» атты баяндамасында Сәкен Сейфулинның тағдыры туралы баяндап берді.  Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің тарих пән мұғалімі Данияр Әлеуханұлы «Бейімбеттің соңғы бейнесі» атты баяндамасында Бейімбет Майлин туралы әңгіме қозғады. Қапал ауылдық кіпахананың кітапханашысы Кулятай Хасенқызы «Ұлт руханияттың үш бәйтерегі» атты кітап көрмесін таныстырып өтті. Іс шара барысында қазақ халқының "Үш бәйтерегі" атты Ілияс, Сәкен, Бейімбетке арналған  бейнероликтер мен слайд көрсетілді. Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Керейбаев Кенжехан Рамазанұлының жетекшілігімен Ілияс Жансүгіровтың "Жалпы жасқа", "Қызыл әскер" атты өлеңіне жазылған әндерін мектеп оқушылары орындап шықты. Сонымен қатар Мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Ерахметұлы Сәкен Сейфуллиннің "Тау ішінде" атты өлеңін домбырамен шырқап берді. Дөңгелек үстелге келген қонақтарға Досжанов Болат Қапал ауылдық кәсіптік-техникалық колледж студенттерінің атынан тарихтан сыр шертетін «Қазағым» атты термені паш етті. Іс шараға қатысқан ауыл қариялары мен әжелері жақсы лебіздерін білдіріп, Қалибек Жәнібекұлы ақсақал Құрманғазының "Ақбай" атты күйін орындап берді. Шара соңында экскурсия жүргізуші қонақтарды музей экспозициясымен таныстырып өтті.